RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ мұнайы балама жол іздейді. Сұхбат

24.03.2022, 16:12 418

Біздің ел қиын жағдайда қалып отыр. Мұнай экспорттай алмай қалуымыз әбден мүмкін. Естіген де шығарсыз, осыдан екі күн бұрын Қара теңіз арқылы өтетін мұнай құбырларының кенет бүлінгені анықталды. Бірі долы дауылдың кесірінен істен шықты десе, енді бірі мұны Ресей тарапы қасақана жасауы әбден мүмкін деген тұспал айтады.

Бүлінген мұнай құбырларын жөндеу де оңай емес. Ол үшін әлгі желіні жүргізген компаниялар келіп, өздері жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екен. Қосалқы бөлшектердің барлығы соларда. Бірақ Ресейге салынған сакциялардың кесірінен әлгі елдер бұл мелекетке аяқ аттап баспасы анық. Сонда не болады? Қазақстан осы құбырлар арқылы мұнай тасымалдауды толығымен доғара ма? Мұны әзірге нақты ешкім айта алмайтын шығар.

Айбар Олжаев, журналист 

«Финансказ» телеграм каналында мынадай мәлімет шықты. Қара теңіз арқылы өтетін мұнай құбырлары соңғы 100 жылда болған ең күшті дауылдардың өзіне төтеп бере алады. Айлық құрылғыларын орнатқанда осындай мәлімдеме жасалған-ды. Каспий құбыр желісі консорциуымының басшылығы да бізді осылай сендіріп келді. Алғашқы екі құбыр 2001 жылы тартылған. Мұны Нидерланд елінің инженерлері жүргізіп берген еді. Үшінші құбырды 2014 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің мамандары орнатып берген. Сол кезде мамандар мұндай құрылыс оңайлықпен бұзыла қоймайды деп айтса керек. Осы тұста белгілі журналист Айбар Олжайдың пікірін білгім келеді.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы

Каспий құбыры желісі консорциуымын Қазақстанның күретамыры деуге болатын шығар. Осы ретте әлгі құбырларды жүргізетін кезде неліктен қауіп-қатер болатыны ескерілмеді деген сұрақ туындайды. Осыны Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықовтан сұрайық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz