Әскерге борышын өтеймін деп барып, бірнеше күннен кейін қайтыс болған Әлібек Қалбайдың ісіне қатысты күдікті қолға түсті. Бас прокуратура бүгін осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Белгілі болғандай күдікке марқұммен бірге әскерге шақырылған әріптесі ілігіп отыр. Дәл осы мәселе «Күн тәртібінде» студия қонағы запастағы палковник, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталовпен талқыланды. Сондай-ақ бағдарлама барысында «Әскердегі әлімжеттікпен қалай күресеміз?», «Әскердің имиджін қалай көтереміз?» – деген сауалдар да көтерілді.
Спикерлер: запастағы полковник, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов, заңгер Марат Бәшімов, психолог Ділдә Сақтағанова, халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz