RU
Толық нұсқаға өту

Сақшы. Су тасқыны

01.03.2018, 14:50 1424

Ауыл тұрғындары мен жекеменшік сектор иелері күн жылына бастағанда еріген қар суын үй-жайларынан басқа аумаққа қарай бұрып, су басудың алдын алуға қамдана бастайды. Ал қар көп түскен жағдайда бұл ауыл тұрғындары ғана емес, қалалықтар үшін де едәуір қиындық туғызатыны рас. Әдетте еріген қар суы үйлердің ауласы мен жертөлесіне дейін кіріп кетеді. Күннің күрт жылынуы нәтижесінде Алматы облысының бірнеше ауданы мен Талдықорған қаласында су деңгейі көтерілді. Ондаған тұрғын үйді су басып қалды. Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері су басып қалған аумақтардан суды бұрып әкету үшін кей жерлерде тереңдігі екі метрге дейін баратын, ұзындығы 450 метрлік бірнеше уақытша су арнасын жасады. Су арнасының маңайына жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілер қойылып, бөгеттер тұрғызылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz