RU
Толық нұсқаға өту

Сақшы. Суқоймаларындағы сақтық шаралары

19.07.2018, 14:10 1566

Қазақстандық құтқарушылар мен полиция қызметкерлері барлық суқоймаларда, нақтырақ айтқанда, шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде мәжбүрлі түрде профилактикалық рейд жүргізуді қолға алды.  Елімізде жыл басынан бері шамамен 200-ге тарта адам суға кеткен, олардың 70-і балалар. Адамдардың суға кетуіне рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, ішімдік ішу және суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау жағдайлары себеп болып отыр. Суға батқандардың басым көпшілігі - Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарының тұрғындары. Күннің күрт ысуына байланысты Астанада да қайғылы жағдайлардың саны артқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz