Тері зауыттарын қайта жаңғыртып, өндіріс қарқынын күшейту үшін мемлекеттің қолдауы қажет.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңдеу өнеркәсібі Департаментінің сарапшысы Бақытжан Момбеков осылай деді. Мәселені талқылау мақсатында маманды студиямызға арнайы шақырттық.
Мысалы, Қытай нарығында еліміздің терілері «орта және төмен» деп бағаланады екен. Сонда сапасы төмен терілер далада қала ма? Екінші сұрыптағы шикізат «желатин» немесе «протейн» (белок) өндіретін кәсіпорындарға жөнелтіледі. Мұндай кәсіпорындар бізде жоқ.
Айта кету керек, тері экспортына қатысты баж салығын (тоннасына 200 еуро) алып тастау керек деген ұсыныс бар.
Былғары өндіруге арналған техниканы лизингке беру мәселесі. Химиялық заттар қоймасы. Зауыттарда химиялық заттардың жеткілікті 3–6 айлық қоры бар қойма болуы қажет. Былғары өнеркәсібінің бірқатар экспорттық тауарын субсидиялау және жеңілдетілген несие берсе деген тілек бар. Шикізат сатып алуды ұйымдастыру қажет. Жеңіл өнеркәсіп салаларына қатысты дара комитеттің болғаны дұрыс.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz