Елдің шөлейт аумақтарында, құм арасын қоныстанған халықтың ерекше бір мәселесі бар. Қысы-жазы дамылсыз соғатын жел құмды бората да, сырғыта да көшіріп, ауылдарды құмға көміп тастайды, деп хабарлайды 24kz.
Әлбетте құм арасында тұрып көрмегендіктен, біз қиындығы мен салдарын біле бермейміз. Құм көшкініне тосқауыл болуы үшін өңірдегі орманшылар сексеуіл тұқымдас бұталар егеді.
Бұл жұмыстар қалай жүргізіледі, оны білмекке біз Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовпен байланысқа шықтық.
Спикер: Ғаббас Досатов, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz