Еліміз Тәжікстанға астық экспортын арттырып, ынтымақтастықты нығайтуға дайын.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстандағы әріптесімен кездесуде осылай деп мәлімдеді. «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, былтыр Қазақстан онда шамамен 1,3 млн тонна астық экспорттаған. Оның 633 мың тоннасы жаңа егін. Егіннің экспорт көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 57%-ке өсті. Ал, Тәжікстан тарапы қант, өсімдік майы, ет жеткізу көлемін ұлғайтуға бейілді. Өз кезегінде министр осы бағытта алыс-берісті арттыруға қолдау көрсететінін атап өтті. Осы тақырып төңірегінде кеңірек әңгімелесу үшін біз ауыл шаруашылығы министрлігіндегі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметовпен байланысқа шығып отырмыз.
Спикер: Шаймерден Ахметов, ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz