Кеселді емдеу емес, алдын алу маңызды. Сондықтан қолды жууды дағдылы әрекетке айналдыру өте маңызды.
Қазақ даласында қол жуу – дәстүрлі түрде іске асатын іргелі ғұрыптың бірі. Қолға су құюдың ең бірінші қыры тазалықпен байланысты екені түсінікті. Қолға құман ұстап, сыртқа шығу қазақ халқының өмірінде тазалыққа қаншалықты мән беретінін көрсетеді. «Өкінішті, бірақ қазір үйде де, түзде де қол жумайтындар көбейіп барады», - дейді мамандар.
Тіпті астан ұшынып жатқан қоғамдық орындарда тексеріс жүргізген СЭС пен прокуратура мамандары тамақ дайындайтын аспаздар қолдарын жумайды деген фактілерді анықтаған. Қолды дұрыс жуу қаншалықты маңызды? Қол жууға неге селқос қарап жүрміз? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін студиямызға Академик Ерболат Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, Дәстүрлі медицина курсының меңгерушісі Бағай Назарбайұлын арнайы шақырттық.
Спикер: Бағай Назарбайұлы, АМУ академик Даленов атындағы ҒЗИ қызметкері, дәстүрлі медицина курсының меңгерушісі.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz