Білім бәсекесінде көштен қалып қоймау үшін жасанды интеллекті, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу – заман талабы.
Бірақ осы жаңа технологиялардың оқыту процесі мен оқушыларға әсеріне келсек, қоғам көзқарасы екіге жарылады. Бірі – Цифрлық сауаттылықты дамыту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және интерактивті оқыту мүмкіндіктері – гаджеттердің негізгі артықшылықтары екенін айтса, енді бірі бұл назардың ауытқуына, тәуелділікке және денсаулыққа зиянын алға тартады.
Сондай-ақ клиптік ойлаудың қалыптасуы баланың ойлау қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп күдіктенеді. Жасанды интеллект пен технологияның оқушының психологиялық және академиялық дамуына қалай әсер ететіні – маңызды сұрақ. Анығын білу үшін студияға маман шақырып талқылауды жөн көрдік. Бүгін студияда қонақта №8 психологиялық-педагогикалық-медициналық консультацияның педагог-психологы Салтанат Тәжібаева.
Спикер: Салтанат Тажибаева, №8 психологиялық-педагогикалық-медициналық консультацияның педагог-психологы.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz