Бұл – G-10 санатындағы әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Мұнда тек кіл мықтылар ғана бақ сынайды. Яғни, Олимпиада және Әлем чемпиондары, сондай-ақ көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары ғана қатысатын байрақты бәсеке. Ал осынау айтулы жарыстың тұңғыш рет біздің елде ұйымдастырылуы біле-білгенге үлкен мәртебе. Әлемдік таеквондо тізгінін ұстаған Чунгвон Чоу осы жарысқа арнайы келіп, салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйледі.
Тегтер #24KZ #Sport KZ #Спорт 24 #Гран при #таеквондо #G10Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz