Елдос ел үмітін ақтады. Оның жүріп өткен жолы және жеңіске деген ұмтылысын тек қазақ елінде емес, төрткүл дүниеде де қызу талқылап жатыр. Өйткені, бұған дейін ол бірнеше жарақат алып, үлкен спорттан кету туралы ойлаған. Бұған қоса, жасының үлкендігіне және қайратының азайғанына қатысты да сындар болды. Елдос соның барлығын жоққа шығарып, Париж төрінде кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Ол әлемдік және олимпиадалық рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған спортшыларды алып ұрып, сенсациялық жеңіске жетті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz