RU
Толық нұсқаға өту

Иорданияда өткен бокстан Азия чемпионатында қазақ жастары тарихи нәтиже көрсетті

06.05.2025, 16:15 321

Қазақ жастары тарихи нәтиже тіркеді. Жуырда ғана Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы, нақтырақ айтқанда 15 жасқа дейінгі және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Бұл – жаңадан құрылған World Boxing ұйымының алғашқы құрлықтық жарысы. Міне, осы байрақты бәсекеге 18 елден 400-ден аса қатысушы жиналды және оның арасынан қазақстандық өрендер 16 мәрте алтын жүлде жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Яғни, бізден кейін Өзбекстан құрамасы, Үндістан құрамасы, Қырғызстан, Иордания, Иран деген сияқты, міне, құрлығымыздағы барлық елдерден Қазақстан құрамасы ең жоғары нәтиже тіркеді және отандық спорт үшін тарихи жетістікке жетті. Қазір сол өрендер, яғни, ел намысын қорғаған қыздар-жігіттер елімізге оралып жатыр. өңір-өңірде оларды күтіп алып, барынша сый-құрмет көрсетілуде және біз де осы процестердің басы-қасындамыз. Біздің спортшыларға барынша ақпараттық қолдау танытып, осы астаналық боксшыларды күтіп алдық және олардан жазған эксклюзивті сұхбаттарымыз бар, эксклюзивті кадрларымыз бар, соның барлығын назарға ұсынбақпыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz