RU
Толық нұсқаға өту

Каратэден ел құрамасы Қытайдағы Азия чемпионатына аттанады

05.08.2025, 10:20 465

Бүгінгі каратэнің WKF бағыты жайында айтамыз. Дәл осы спорт түрінен тура бір айдан кейін Қытайдың Шаоугуан қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Яғни жылдың басты жарысы деуге болады. Біреу білсе, біреу білмес, каратэден Қазақстан құрамасы жастар арасында болсын, ересектер арасында болсын, әлем чемпионаттарында алдыңғы бестіктен, Азия чемпионаттарында алдыңғы үштіктен көрініп жүр. Биыл да біздің өрендерге дәл осындай жауапкершілік жүктеледі. Қазір енді Астана төріндегі спорт кешендерінің бірінде спортшылардың дайындығын көреміз. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық құрамаға кірген ұл-қыздар тынымсыз шеберлікті шыңдап жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz