Тайланд астанасы Бангкок қаласы және Бангкок төріндегі дәл осы спорттық кешенде бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир, екі жас санаты бойынша лицензиялық турнир өтті. Ондаған елдің өкілдері бас қосып, бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Айтып өткен жөн, дәл осы жарысқа, әрине, қазақстандық қыз-жігіттер де қатысты. Әсіресе 19 жасқа дейінгі ұлдар құрамасына ерекше екпін жасалғанын көруге болады. Өйткені осы ұлттық құраманың тізгінін бір ай бұрын Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев алған болатын. Осы аралықта бірнеше жаттығу жиынын өткізіп үлгерді. Ал енді дәл қазір уақыт келді. Бұған қоса, қыздар құрамасын жаттықтыратын Жангелді Ахметов бар. Ол да білікті, тәжірибелі маман. Оның да нәтижелері мен жеңістері тұрақты болуы аса маңызды. Яғни жылдың басында осы жастар құрамасын – ұлдары бар, қыздары бар – барлығын тексеріп алатын, байқап алатын және сұрыптайтын уақыт болды. Және, міне, осы жарыс соған дәл келіп отыр.
Тегтер #бокс #жастар #спорт кешені #халықаралық турнир #ТайландPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz