RU
Толық нұсқаға өту

Астанада футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир өтті

31.03.2026, 09:00 29

Елорда төріндегі су жаңа футбол алаңында балалар арасындағы халықаралық турнир өтті. «Астана кубогы» деп аталатын бұл жарыс жыл сайын 10 жасқа дейінгі өрендердің басын қосады. Ерекшелігі – оған алыс-жақын шетелдерден командалар қатысады. Анығында, бұл жарысты тек турнир деп айту аздық етеді. Бұл – нағыз футбол мерекесі, бала футболының үлкен тойы десек болады. Өйткені 10 жасқа дейінгі балалар Астанаға жиналып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалармен қатар, көрші Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Ресейден келген жас футболшылар да алғаш рет елордамызда бас қосты. Атмосфера ерекше, сезімге толы. Бірнеше күн бойы осы жарыстың ортасында жүріп, барлық сәттерді бақылап, ақпарат бердік. Енді соның барлығын саралап, қорытынды жасайтын уақыт келді. Бұл шығарылымымыз дәл осы Астанада өткен балалар арасындағы халықаралық турнирге арналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz