Бүгінгі әңгімеміз футбол жайында болмақ. Нақтырақ айтқанда, футболдан әуесқойлар лигасы туралы сөз қозғаймыз. Айта кетейік, біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін, былтыр Қазақстан Футбол федерациясы дәл осындай ауқымды жобаны қолға алған болатын. Оның аясында еліміздің барлық аймағынан жүздеген команда, мыңдаған ойыншы бас қосып, өзара мықтыны анықтады. Және олардың жеңімпаздары кәсіби футболға қадам басты десек болады. Биыл олар Қазақстан кубогына қатысып, үшінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Сонымен қатар УЕФА аясында әуесқойлар арасындағы халықаралық турнир бар, соған қатысуға мүмкіндік алды. Айтпағымыз, жобаның географиялық ауқымын кеңейтіп, қатысушылар санын арттырып қана қоймай, олардың алаңдағы ойын сапасын да жақсарту. Ең басты мақсат – осындай үлкен жұмыстың нәтижесінде әуесқойлар арасынан нағыз таланттарды, нағыз мықтыларды анықтап, оларды таныту және барынша мүмкіндік ашу.
Тегтер #футбол #әуесқойлар лигасы #футбол федерациясы #команда #ойын #кубок #УЕФА #Sport TimePhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz