RU
Толық нұсқаға өту

Балалар ала доп алаңына қалай келеді?

28.04.2026, 10:30 33

Астана қаласындағы Қазақстан Футбол Федерациясының ғимаратындамыз. Бүгінгі әңгімеміз футбол жайында болмақ. Нақтырақ айтқанда, мектеп лигасы туралы. Көпшілік бұл бағыт туралы біле бермейді, бірақ бұл жобаға 10 жылдан астам уақыт өтті. Балалар ала доп алаңына қалай келеді? Ең алдымен мектеп ішіндегі іріктеу болады. Одан кейін ауылдарда, аудандарда, облыстарда іріктеледі. Жеңіске жеткендері осылай Астанаға жолдама алады. Нақтырақ айтқанда, осы Футбол Федерациясының жанында орналасқан жасыл алаңда өзара мықтыны анықтайды. Мұнда алты бірдей бағыт бар. Бұл тек Футбол Федерациясының ғана емес, Білім министрлігі, Спорт министрлігі және басқа да мекемелердің жұмыла жасап жатқан жұмысы. Сондықтан бүгін осы ғимаратқа арнайы келдім. Қазір балалармен кездесемін, бапкерлермен тілдесемін, мектеп лигасы жайында барынша толық ақпарат жинаймын. Сол жиған-тергенімді, білген-түйгенімді сіздерге ұсынамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz