RU
Толық нұсқаға өту

Алаяқтар коммуналдық қызмет өкілі болып хабарласуды шығарды

14.05.2026, 15:00 19

Телефон алаяқтары қазақстандықтарды тұзаққа түсірудің жаңа амалдарын ойлап табуын тоқтатар емес. Күн сайын олар түрлі айлаға көшіп, қысым жасап, сенімге кіріп, әп-сәтте азаматтарды ақшасынан қағып жатыр. Енді алаяқтар коммуналдық қызмет маманының кейпіне енген. Олар тұрғындарға қоңырау шалып, есептегіш құралдарын тексеру қажеттігін алға тартады. Артынша «электронды кезекке тіркейміз» деген желеумен SMS арқылы келген кодты сұрайды. Сырттай қарағанда қарапайым қызмет секілді көрінгенімен, бұл – әбден ойластырылған алаяқтық схема. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бір ғана қателік салдарынан қаскөйлер банк қосымшаларына, eGov жүйесіне және азаматтардың жеке деректеріне оңай қол жеткізуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz