Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы өз қатарына 2,7 мыңнан астам белсендіні біріктіріп үлгерді. Қысқа ғана уақыт ішінде еріктілер бюджет қазынасынан заңсыз жолмен жымқырылмақ болған 7 млрд теңгеден астам қаражатқа тосқауыл қойған. Мәселен, Орал қаласының еріктілері қала әкімдігінің құны небәрі 4 млн теңгені құрайтын бейнеконференция жабдығын 45 млн теңгеге сатып алмақ болмақ әрекетін әшкерелеген.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz