Маусымның соңында елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құру туралы шешім қабылданды. Қыркүйектен бастап бұрынғы Антикордың функциялары ҰҚК беріледі. Әрине, бұл жаңалық қоғамда қызу талқыланды. Өйткені Қазақстанда сыбайлас жемқорлық перзентханадан басталып, мәйітханада аяқталады. Бұл - адам ғұмырының барлық кезеңін толық қамтитын қылмыс. Сондықтан мұндай өзгеріске ешкім бей-жай қарай алмайды. Жұртты, әсіресе мына мәселе мазалайды: сонда, сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіріп тұр ма? Бүгін осы сұраққа жауап іздейміз.
Тегтер #хабар24 #жемқорлық #Ұлттық қауіпсіздік #АнтикорPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz