RU
Толық нұсқаға өту

«Таза Қазақстан». Аягөз қоқыстан тазартылып жатыр

05.09.2024, 11:40 799

Абай облысының Аягөз ауданында "Таза Қазақстан" акциясы аясында саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды.

Тазалық шарасына "Жасыл ел" еңбек жасағының 50-ден астам жауынгері мен жергілікті мекеме қызметкерлері қатысты.

Акция басталғалы Абай облысынан 90 мыңнан астам адам үлес қосты. 240-қа жуық саябақ пен сквер тазартылып, 300-ге тарта ескерткіштің айналасы абаттандырылды.

Нүрилә Дәулетқызы, аудан тұрғыны:

- Біз өз елімізге өзіміздің тазалығымызды жүргізу арқылы пайдамыз тиіп жатқанына қуаныштымыз. Осы акция аясында адамдарды тазалыққа шақырамыз. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» демекші тазалығымызды сақтайық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz