Экологиялық мәдениет – болашақтың кепілі. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Павлодар облысындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында жүзеге асып жатқан экологиялық бастамалармен таныстық. Оқушылар гидропоника мен аквапоника әдістерін меңгеріп, табиғатты зерттеуге ден қойған. Студенттер сенбілікке шығып, ағаш отырғызып, экологиялық ойындар арқылы білімдерін арттыруда. Жасыл ел жасақтары мен еріктілер қозғалысы да бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде. Экология – жай пән емес, өмір салтына айналып келеді.
Тегтер #24 kz #Таза Қазақстан #экологиялық мәдениет #Павлодар #жастар #табиғат қорғауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz