Мерекелік шаралардың әрқайсысына ерекше білім беруді қажет ететін балалар да белсенді түрде қатыстырылып, олар жалпы ортадан шет қалмады. Ән мен би, ұлттық ойындар, түрлі белсенділіктер - бәрі балалардың бірге қатысып, бір-бірін қолдайтын ортада өтті. Бұл жерде бастысы – тек мерекені атап өту емес, балаларға ортақ кеңістік құру болды. Әр бала өз мүмкіндігіне қарай қатысып, өзін сол ортаның толыққанды мүшесі ретінде сезінді. Мұндай ортада «бөлек» немесе «басқаша» деген ұғымдар жоғалып, балалар бір-бірін табиғи түрде қабылдай бастайды. Ал Наурыздың шынайы мәні де осы — жаңару, бірлік және бәріне ортақ мүмкіндік.
Тегтер #Наурыз #білім #бала #ұлттық ойын #тең мүмкіндікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz