Ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін мектеп - тек оқу орны емес. Бұл оның алғашқы қоғамы. Сол қоғам оны қабылдай ма, әлде шеттете ме - оның бүкіл өміріне әсер етеді. Егер бала бөлек оқыса, ол тек білімнен шет қалмайды, оның санасында «сен бөлексің» деген ой бекіп қалады. Ал бұл ой кейін оның мүмкіндігіне де үлкен шектеуге айналады. Ал сол ортада баланың мінезі қалай қалыптасатыны, мектепке қалай үйренетіні, өзін осы қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне алатыны - күн сайын оның қасында болатын ересектердің қарым-қатынасы мен көзқарасына тікелей байланысты. Кейде бір жылы сөз, бір мүмкіндік, бір сенім - баланың ішкі әлемін жабудан ашуға қарай бұратын шешуші сәтке айналады.
Тегтер #тең мүмкіндік #инклюзивті білім #мектеп #маман #балаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz