RU
Толық нұсқаға өту

Инклюзивті білім: Сұлтанбек өскенде полиция болғысы келеді

28.06.2026, 09:30 32

Бәлкім, Сұлтанбектің ата-анасы алғаш ұлдарын жалпы білім беретін мектепке әкелгенде, ең алдымен оның қатарластарымен араласып, достар тауып, қоғамға бейімделуін ғана армандаған шығар. Өйткені ерекше білім беру қажеттілігі бар бала үшін ортаға сіңісудің өзі үлкен жетістік. Алайда Алматы қаласындағы №152 мектеп Сұлтанбекке тек әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін ғана емес, сапалы білім алуға да жол ашты. Бүгінде ол сабаққа қатысып қана қоймай, түрлі олимпиадаларда өз білімін көрсетіп жүр. Мүмкін бұл ата-анасының бастапқы үмітінен де асып түскен нәтиже шығар. Өйткені Сұлтанбек тек өз ортасын тауып қана қоймай, өзінің зор әлеуетін де дәлелдей алды. Бұл – отбасы мен мектептің бірлескен еңбегінің жемісі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz