Алдиярға дефектолог, логопед, психолог мамандары тұрақты қолдау көрсетеді. Сыныптастары да оның ортаға еркін араласып, өзіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Алдияр үшін эмоционалдық жайлылық аса маңызды болғандықтан, ол тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен жүзумен айналысады. Құрдастарымен бірге өтетін бұл сабақтар оның бойындағы алаңдаушылықты азайтып, оқу үдерісіне белсенді қатысуына көмектеседі. Осындай жан-жақты қолдау Алматы қаласындағы №152 мектеп-гимназиясында қалыптасқан инклюзивті білім беру жүйесінің бір бөлігі. Мұнда әр баланың ерекшелігі ескеріліп, оның толыққанды дамуына қажетті жағдай жасалған.
Тегтер #инклюзивті білім #мектеп #гимназия #бала #дефектолог #логопед #оқу #психолог #тең мүмкіндікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz