Бұл арманға жету үшін Құдайбергенге тек ынта жеткіліксіз, сапалы білім мен жан жақты қолдау да қажет. Инклюзивті білім беру осы мүмкіндікті қамтамасыз етіп, оның оқу үдерісіне толыққанды қатысуына жағдай жасап келеді. Мұғалімдер мен бейінді мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Құдайберген жаңа білімді меңгеріп, өз қабілеттерін дамытып, өзіне деген сенімін біртіндеп нығайтуда. Осындай қолдау оның үлкен арманына сенімді қадам жасауына берік негіз қалайды.
Тегтер #инклюзивті білім #дәрігер #білім #оқу #мұғалім #оқушы #тең мүмкіндікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz