Баланың мектептегі сенімі күнделікті қарым-қатынастан қалыптасады. Өз бетінше орындаған тапсырмасы, сабақта айтқан жауабы, қатарластарымен ортақ ісі – бәрі де оның алға басуына ықпал етеді. Сондықтан қолдаудың мақсаты – әр қадамын бақылау емес, біртіндеп дербес әрекет етуіне мүмкіндік беру. №74 мектептегі ұстаздар мен мамандардың бірлескен жұмысы Ерасылдың осы дербестікке қарай қадам жасауына негіз болып отыр.
Тегтер #инклюзивті білім #мектеп #оқушы #ұстаз #маман #тең мүмкіндікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz