Еліміздің құрылыс саласында озық технологиялар көптеп қолданысқа еніп жатыр. Бүгінгі шығарылымда біз жұмысшыларды биікке көтеретін заманауи, ең бастысы қауіпсіз құрылғы жайында айтпақпыз.
Қауіпсіз жүк көтергіштер. Бұл техника сәулетті ғимараттар ошағына айналатын EXPO кешенінің құрылыс алаңында тоқтаусыз жұмыс істейді. Нысандарды салу барысында қауіпсіздік шараларын ескеретін оның саны 120 бірлікке жуық. Әзірге неміс техникасын қолданып отырған бұл салада осы жазда отандық жүк көтергіш цехты ашу жоспарда бар. Онда барлық керек бөлшектер Оңтүстік Кореядан жеткізіліп, Қазақстанда жиналады. Жүк көтергіш техниканың басты ерекшелігі неде? Ол қанша биіктікке көтеріле алады?
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz