RU
Толық нұсқаға өту

Транспорт және логистика. Отандық броньдалған әскери көліктер

24.02.2016, 14:30 3196

2015 жылы Астанада ТМД елдерінде теңдесі жоқ доңғалақты броньды машиналар шығаратын зауыт ашылды.

Бұл «Қазақстан Инжиниринг» ҰК мен Оңтүстiк Африка Республикасының «Парамаунт Групп» компаниясының бірлескен жобасы.

Оқ өткізбейтін көлік өндіретін зауыт жылына 120 бірлік техника шығаратын әлеуетке ие. Қазіргі таңда мұнда «Номад», «Барыс» және «Арлан» деп аталатын үш түрлі көлік құрастырылады. Зауытта өндірілетін барлық техника халықаралық стандарт негізінде жасақталады. Таяу Шығыста орналасқан мемлекеттерде біздің отандық өнімге деген сұраныс жоғары.

Зауытта қолданылатын броньдалған металл түрі шетелден импортталады. Дегенмен отандық өнімдерді дамыту мақсатында жақын арада броньдалған металлды «АрселорМиттал Теміртау» зауытынан алу жоспарланып отыр.

Бүгінгі шығарылымды біз осы отандық әскери машина жасайтын алпауыт өндіріске арнаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz