«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы еліміздің пойыздарында жолсерік ретінде сапарға аттанды.
Олар бұл арқылы мамандардың 1 күндік қызметімен танысып, сапар барысында орын алған мәселелердің шешімін іздеп көрмек. Басшылық құрамды жолсерік қызметіне ауыстыру жобасы көздеген мақсатқа толықтай жетсе, қазақстандық пойыздардағы сапа артатыны анық.
Кабинетті жүрдек пойызға ауыстырған кейіпкеріміз Мұхтарбек Сүлейменов жолсерік болып мүлдем қызмет атқармаған. Бұл оның алғашқы тәжірибесі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ орындалуды бақылау қызметінің басшысы бұл жаңашылдық қызмет көрсету сапасында орын алатын олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді дейді.
Бүгінгі таңда пойыз вагондарындағы жаңа мүмкіндіктер жолаушылардың игілігі үшін жасалып отыр. Солардың бірі жолсерік ұсынатын сусындар. Енді сіз қажеттілігіңіз үшін пойыздың бекетке тоқтауын күтпейсіз. Тағы бір айта кететін мәселе мейрамханасы жоқ пойыздарда орналасқан кішігірім буфет. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың вагонға мінуі үшін арнайы көтерілетін құрылғы орналастырылған. Ал жатын орнындағы қосымша тетікше арқылы олар кез келген жағдайда жолсерікті шақыра да алады. Тақырыпты толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz