RU
Толық нұсқаға өту

Транспорт және логистика. Пойыздың соңғы аялдамасы

06.04.2016, 14:26 3499

Пойыздардың техникалық қауіпсіздігі мен тазалығы оларға мінетін жолаушылар үшін маңызды.

Осыдан 10 жыл бұрын отандық жолаушы пойыздарындағы жағдай көңіл көншітпейтін. Вагондардың ішіндегі шашылған қоқыстарды былай қойғанда, билетсіз мінген жолаушылар да көп болды. Қазіргі жағдай қандай?  

Бүгінде пойыз вагондарын көмір тасып, жылыту әдісі артта қалды. Барлығы электр қуаты арқылы жұмыс істейді. Тазалығынан бөлек, олар бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз. Бұған вагондар тұрақтайтын соңғы аялдамадағы қызметкерлер кепіл береді. Олар деполарда пойыздардың техникалық қауіпсіздігімен қатар санитарлық тазалығын да қадағалап отырады. Тәулік бойы пойыздарды жолға дайындайтын қызметкерлер ауысыммен жұмыс істейді. Ендеше сіз мінген пойыздың соңғы аялдамасы жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz