RU
Толық нұсқаға өту

Транспорт және логистика. Жоларды қайта жаңғырту

25.05.2016, 14:28 2534

Елімізде жаңа тасжолдар құрылысы мен ескі тасжолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Биылғы жылы жөндеу жұмыстары ұзындығы 1111 шақырымға созылған 46 нысанда жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін 420 шақырым пайдалануға беріліп, Астана-Теміртау, Алматы-Талдықорған тасжолдары іске қосылады.

Аталмыш жоспарды іске асыру бойынша «Орталық-Шығыс» бағытындағы тасжол құрылысы тәулік бойы жүруде. Демек Астана мен Павлодар, Семей-Өскемен қалалары арасындағы мың шақырым жол жаңадан төселеді. Оның категориясы күрделі болғандықтан жолға бірнеше қабат материал салынады. Ал оның әрқайсына қойылатын өзіндік талаптар бар. Ол жайлы толығырақ бардарлама барысында тарқатамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz