Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы көлік байланысын қарқынды түрде кеңейтіп жатыр. Екі ел арасындағы әуе қатынасы артып, өңірлерді байланыстыратын жаңа бағыттар ашылуда, деп хабарлайды «24KZ».
Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында аптасына 70 рейс орындалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп.
Биыл өңірлерді өзара байланыстыратын бірқатар жаңа әуе бағыттары іске қосылды. Атырау, Орал, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Ташкентке және Алматыдан Самарқанд пен Үргенішке тікелей рейстер ашылды.
Көлік байланысының қарқынды түрде кеңеюі екі ел арасындағы өзара сапарлар санын арттырып, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін бермек.
Тегтер #Өзбекстан #әуе кеңістігі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz