RU
Толық нұсқаға өту

Біртұтас тәрбие. «Түйін»

10.01.2025, 22:00 594

Болжауы қиын, қарқынды дамып келе жатқан көште ұлттық кодымызды жоғалтып алмай, бала тәрбиесіне екпін қою - ең бірінші, ең маңызды міндет. Мемлекет басшысы мұны үнемі айтады. Ол үшін негізгі бағыттарды да айқындап берді. Олар: Тәуелсіздік және Отаншылдық. Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік. Жасампаздық және Жаңашылдық. Қосарланған осы алты құндылық – тұтас елдің идологиялық тұжырымдамасы іспетті. Былтыр Ұлттық құрылтайда «Оқу-ағарту министрлігі мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңартуға тиіс. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждер студенттермен жүргізілетін жұмысқа осы құндылықтарды үйлестіре кіріктіруі керек» дегені есте.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz