RU
Толық нұсқаға өту

Пайда тапқыш коучтар мен психологтарға тықыр таяды

28.03.2025, 22:00 942

Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда Президент  халық көкейіндегі өзекті мәселелерді көтерді. Соның бірі осы жалған психологтар мен коучтардың мәселесі. Расымен, соңғы тиынын беріп, сан соғып қалғандар аз емес. Желіде отырып, жұртты желпіндіретін де, ағын суды кері ағызбаса да, әп-сәтте өміріңді бал қыламын дейтіндерден көз сүрінеді.  Бастысы: ақшаң болса,  қағанағың қарқ болады - мыс. Қорқыныштысы сол: бұған халық иланады. Қыруар қаржы жұмсап, әлгі «Сиқырлы шам» ертегісіндегідей «тылсым күштің» тілегін орындауын күтеді.  Бірақ есек дәме екенін ес жиған соң барып, бір-ақ біледі. Өкінішті. Бірақ ақиқат: бүгінде біреудің ішкі трагедиясынан пайда табу -  қалыпты жағдай. Ал нағыз трагедия - адамзатты ізгілікке бастаған Абай, Шәкәрімнің ар-ұят туралы айтқаны санамызға сіңбей жатқаны...

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz