Біздің астық – бренд. Әлемнің ондаған елі Қазақстан өнімін тұтынып отыр. Бізден жеткен астықтан көп елдің дастарханында ұн өнімдерінің түр-түрі самсап тұр. Себебі, бидай эскпорттайтын 10 ірі мемлекет қатарындамыз. Қазақстан егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-шы орында. Ал ұн тасымалы бойынша әзірге бізге ілесер ешкім жоқ. Мұның бәрі әрине қуантады. Бірақ, осы көрсеткішті келешекте қаншалықты ұстап тұра аламыз? Қуаңшылық қыспағы қайда апарады? Соңғы жылдары бұл мәселе күрделеніп барады. Биыл жаз басталмай жатып, мамырда елдің 10 облысында құрғақшылық болады деп болжады синоптиктер. Мұның соңы не болады? Алда аптап ыстық келе жатыр, алқаптар жайы, шаруалардың хәлі қалай?
Тегтер #хабар24 #Түйін #ауылшаруашылығы #астық #дақыл #шаруа #қызметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz