Қазақстан жылнамасына жаңа күн жазылды. Енді 15 наурыз - Конституция күні. Бұл елдің басты құжаты. Соған бағынамыз, сол бағыттайды. Жаңа Ата заңды қабылдауға Президент 2 жыл бұрын іске кіріскенін жеткізді. Үдеден шығып, әлемдегі үздік Конституциялардың қатарында тұрғанын айтты. Оның негізгі тетігі – заң мен тәртіптің үстемдік етуінде. Бірақ, халықтан биік ешкім жоқ. Халық қалауын білу үшін елде референдум өткені белгілі. Дамудың даңғыл жолы – тек дауыс беру арқылы шешілуі тиіс. Айта кетейік, соңғы 4 жылда осымен 3 рет референдум өтті. Яки, бұл қоғамдық-саяси өзгерістер халық таңдауымен таразыланатынын көрсетеді.
Тегтер #Конституция күні #құжат #Ата Заң #президент #билік #халық #референдум #ТүйінPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz