- Исландия футболдан әлем чемпионатында алғаш рет бағын сынамақ. Соңғы іріктеу турында Исландия 2:0 есебімен өзі секілді шағын мемлекет Косовоны жеңді. Осы жеңісінің арқасында Исландия өзінен әлдеқайда тәжірибелі мемлекеттерді айналып өтіп, айласын асырды.
- Манчестер Юнайтедтің форварды Златан Ибрагимович уақытынан бұрын қайтадан қатарға қосылуы мүмкін. «Метроның» жазуынша Ибрагимович алдағы қараша айында жаттығу жұмыстарын бастайды.
- «Usana True Health» денсаулық қорымен күш біріктірген әйелдердің теннис қауымдастығы маусым бойына арнайы қайырымдылық акциясын өткізеді.
- Командадағы техникалық бөлімнің салғырттығы кесірінен Ферраридің пилоты Себастьян Феттель тағы да жолда қалды. Бұл жолы Жапония гран-приінде ол 4 айналымнан әріге аса алмады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz