Испандық теннисші Рафаэль Надаль Францияның ашық чемпионатын 11 рет жеңіп алды. Финалда азулы спортшы Доминик Тимді бет қаратпай ұтып, рекорд орнатты. Надальға дейін австралиялық Маргарет Корт та 1960-1973 жылдар аралығында осындай көрсеткішке қол жеткізген еді. Жарыс жүлдесі қолға тиген сәтте Надаль көзінің жасын ірке алмады. Кейін денсаулығында кінәрат болғанына қарамастан, осындай жетістікке жеткеніне көңілі толқып кеткеніне жеткізді. Ролан «Гаррос-2018» турнирінде қыздар арасында румындық Симона Халептің бағы жанды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz