2019 жылы «Формула-1» жарысының Германиядағы гран-приі өткізілмейтін болды, деп хабарлайды «Мундо Депортиво». Бұған елдегі қаржылық қиындықтар себеп болған. Соңғы он жылда Хоккенхайм мен Нюрбургринг трассасы Германия гран-приін кезекпен қабылдады, бірақ екеуі де «Формула-1» кезеңінен бас тартты. Енді немістерге тиесілі кезең Америкада өткізілуі мүмкін. Мұхиттың арғы бетінде Майами гран-приін өткізуді «Формула-1» жарысының атқарушы директоры Чейза Керри де көптен бері айтып жүр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz