Француздық «Пари Сен-Жермен» Бразилия құрамасының футболшысы Филиппе Коутиньоны сатып алуды жоспарлап отыр, деп жазады Mundo Deportivo. Барселонаның шабуылдаушы хавбегіне қомақты ақша ұсынған клуб басшылығы 270 миллион еуросын санап беруге әзір. Егер спортшы ұсынысты қабылдаса, бұл футбол тарихындағы ең қымбат трансфер саналады. Былтыр «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысқан Неймар каталондықтарға 222 миллион еуро әкелген еді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz