2030 жылы футболдан Әлем чемпионатын өткізу мәртебесі қай елге бұйырады? Бұл туралы толығырақ «БиБиСи» жазыпты. Турнирге дейін әлі 12 жыл болса да, 2030 жылғы мундиаль қазіргіден қымбатқа түспек. Өйткені алғашқы чемпионаттың өткізілгеніне тура 100 жыл толады. «БиБиСи» әлем кубогін қабылдауға ерік білдірген мемлекеттер тізімін түзіпті. Ағылшындар да тамыздың басында ойынды өткізбек ойы барын жеткізген. Бұл ел өздігінен осындай ойындарды өткізе алатын санаулы мемлекттердің қатарында. Мундиаль-2030 бәсекесін ұйымдастырудан Уругвай, Аргентина мен Парагвай да үмітті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz