Тьерри Анри француздық «Монако» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды BBC. Әлемнің экс-чемпионы, «Арсенал» клубының бұрынғы шабуылшысы бұған дейін Бельгия құрамасы бас жаттықтырушысының ассистенті болған еді. Ресейдегі әлем чемпионатында Тьерри Анри Бельгия құрамасының жартылай финалға дейін жетіп, үшінші орын алуы үшін көп еңбек сіңірді. Бір қызығы, оның кәсіби футболдағы алғашқы қадамы дәл осы 1994 жылы Арсен Венгердің басшылығымен «Монакода» басталған екен.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz