RU
Толық нұсқаға өту

Үлкен спорт. Томас Тухель: Мбаппе әлемдегі ең үздік футболшы

08.11.2018, 12:40 1083

Мбаппе әлемдегі ең үздік футболшы, бірақ әлі біраз жұмыс істеп, өзін жетілдіруі керек. «Пари Сен Жерменнің» шабуылшысы туралы клуб бапкері Томас Тухель осылай деді. 11 матчта 13 гол соққан 19 жастағы Киллиан Мбаппе биылғы маусымды өте сәтті бастады. Франция чемпионатында 40 гол салған ол осындай биік дәрежеге жеткен ең жас ойыншы ретінде тарихта қалды. 2 қарашадағы ойында тарихи голын салған «Пари Сен-Жермен» мен Франция құрамасының шабуылшысы әлемдегі ең қымбат футболшылардың көшін бастады. Бұл CIES Football Observatory зерттеу орталығының деректері.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz