Калгари тұрғындары 2026 жылғы Олимпиада ойындарының өткізілуіне қарсы дауыс беріп жатыр. «Хьюстон Хрониклдың» жазуынша, канадалық шаһарда жалпықалалық референдумның бейресми қорытындысы да жария болған. Тұрғындар 2026 жылы қысқы ойындардың өткізілуі туралы сұраққа жауап беруі тиіс-тұғын. Олардың шамамен 56% қарсы дауыс берген. Бірақ қалалықтардың қарсылығы ойын тағдырын шешпейді. Ең ақырғы сөзді Калгари қалалық кеңесі айтады. 1988 жылғы Олимпиадаға арнап салынған нысандарды пайдаланғанның өзінде де жоспарлы шығын мөлшері 5 млрд долларға жуықтапты. Тұрғындар бюджет ақшасының ірі көлемде жұмсалуына қарсы шығып отыр. Дегенмен Халықаралық Олимпиада комитеті Стокгольм мен Миланнан гөрі дәл осы Калгариді таңдапты.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz