RU
Толық нұсқаға өту

Қайтарылған активтер: медициналық нысан салынады

04.05.2025, 15:47 313

Шығыс Қазақстандағы Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулаториядағы құрылыс жұмыстарына да қайтарылған активтер есебінен қаражат бөлінеді. Нысандағы жұмыстардың 65 пайызы орындалды. Қазір оған инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік амбулатория келер айда пайдалануға берілуі тиіс. Бүгінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда. Оның аясында 655 нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінде оның 467-сі бой көтерді. Алдағы уақытта тағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ғимараттарын салу және ауруханаларды реконструкциялау көзделіп отыр. Оған республикалық бюджеттен және Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінбек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz