Елде шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 80 еліне экспортталады. Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінде 113 елдің ішінде 32-ші орында тұр. Алдағы үш жылда салада жалпы құны 4,8 млрд доллардан асатын 600 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы үкімет басшысының БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Цюй Дунъюймен кездесуінде айтылды. Мәртебелі мейман еліміздің әлеуетін жоғары бағалап, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін жеткізді.
Тегтер #хабар24 #Іс жүзінде #ауылшаруашылығы #Агросектор #инвестиция #нарық #серіктестікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz