Ауызсудан таршылық көріп келген 17 елді мекен жыл соңына дейін 100 пайыз таза суға қол жеткізеді. Бүгінде қала халқының 99,3%-ы, ал ауыл тұрғындарының 97,5%-ы тіршілік нәрімен қамтылған. 10 өңірде ауызсу мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Ал өзге аймақтардағы ағайын таза суды мейірі қанып ішу үшін қазынадан 183 млрд теңге қаржы қарастырылған.
Халықты сумен қамту мәселесі осы аптада Үкімет отырысында қаралды. Атқарылған шаруа да шаш етектен. Бес айда елде 250 шақырым су құбыры салынды. Жыл соңына дейін тағы 6 облыста құрылыс аяқталады. «Ауыл-аймақтар тіршілік нәріне тарықпауына өңірлердің бірінші басшылары тікелей жауап береді», — деді Премьер-министр.
Тегтер #24 kz #Іс жүзінде #ауыл аймақ #ауызсумен қамту #ауызсуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz