Экономикалық өсім келер жылы 5,4% жетуі тиіс. Сөйтіп, алдағы 3 жылда ЖІӨ 230 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Инфляция көлемі 2026 жылы 10%-тен аспайды деген болжам бар. Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижені құрылыс пен көлік, сауда, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі қамтамасыз етеді. Еліміздің басты қаржылық құжаты осы аптада Үкімет отырысында қаралды. Олжас Бектенов экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығыстар ұлғайып, әдеттегідей әлеуметтік салаға басымдық берілетінін айтты. Қыстың қамын жаз ойла деп, жылыту маусымына дайындық барысы да назардан тыс қалмады.
Тегтер #Іс жүзінде #жылыту маусымы #жылу беру маусымы #экономикалық өсім #инфляция #Заң мен тәртіп #қылмыс саны #24KZ #Олжас БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz